Домой Жаңалықтар Қоғам Студенттік паркте гүлдер фестивалі өтті

Студенттік паркте гүлдер фестивалі өтті

Студенттік паркте гүлдер фестивалі өтті

28854716ec3823bbac507d481a3Астанада «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өтті. Үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары базар аралап, «гүл» тағамдардан дәм татып, өз қолымен раушангүл немесе пион түріндегі сабын жасады, тіпті олар өсімдіктер де отырғызды.

Келушілер назарына көп жылдық гүлдерден құралған ағылшындық стильдегі 167 бұталы өсімдік пен жасанды тоған ұсынылды.

Фестиваль барысында жергілікті және шетелдік өкілдерден гүлдердің, ағаштар мен бұталардың түр-түрін сатып алуға болатын арнайы базар жұмыс жасады.

Мерекеде ұсынылған 32 мың гүл түстерінен көз тұнады. Өсімдіктерден жасалған жасыл пішіндер шараға қосымша көрік берді.

Фестиваль барысында өткізілген конкурстардың басым бөлігі балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған. Олар гүлдердің хош иісі шығатын сабындар мен балауыздар жасап, сурет салу байқауына қатысты.

– Сурет салуды ұнатамын. Астанада гүлдер мерекесі өтіп жатыр, бәріміз де гүлбен байланысты суреттер, түрлі картиналар салып жатырмыз. Мен көкнәр гүлдерін салдым. осындай шараларды жақсы көремін, өйткені қалада жиі өткізіледі, — деді Адина Кариева.

Гүлдер фестивалі 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған.

astana.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here