2016 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 9 маусымдағы №5-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды.
10-11 маусым аралығында Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде. Жекелеген жерлерде ауа температурасы 41 градусқа жетуі мүмкін», — делінген хабарламада.