Алматы облысында туризм басқармасы мен туроператорлар туристерді тарту үшін жаңа жолбағдарлар жасауда. Сондай жаңалықтардың бірі — орнитологиялық туризм мен Шарын шатқалына түнгі тур.
Маусымның 18-інен 19-іне қараған түн ортасында туристер Шарын шатқалында болмақ. Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының бастығы Жанар Алшымбаева хабарлады.
«Туристерде Шарын шатқалында, қаладан аулақта түн ортасында тыныштық пен мамыражай мүлгіген табиғатты бақылаудың бірегей мүмкіндігі туады. Тур маусымның 18-інен 19-ына қараған түнде өтпек», — деп атап өтті Жанар Алшымбаева.