Домой Жаңалықтар Қоғам «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев Қаратал ауданына іссапармен барды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев Қаратал ауданына іссапармен барды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары  Ғ.Сарыбаев  Қаратал  ауданына  іссапармен барды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары  Ғалиасқар Сарыбаев  Қаратал  ауданына  іссапармен барып, аудан тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Қаратал ауданында Алматы облыстық партия филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары  Ғ.Сарыбаев Елтай ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындармен Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам», «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен «Мәңгілік ел»  идеясы  және  жер  кодексі    мәселелері талқыланды.

DSC_0037

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасының алға қойған мақсаты —  Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Бұл жолда көптеген жұмыстар атқарылуда. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың елімізде  жүргізіліп  отырған  көптеген реформаларын халыққа жеткізіп, дұрыс түсіндіру тікелей біздің партияның міндеті», — деді Ғ.Сарыбаев.

Кездесуде ауыл тұрғындары да елде болып жатқан жағдайлардан хабардар екендіктерін өздерінің белсенділігі арқылы білдірді.  Жиналғандар ел жағдайының дамып, ауылды жерлерге де көңіл бөлініп жатқанын білетіндіктерін және оған ризашылықтарын айтып жатты.  Сонымен қатар, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.DSC_0100

Күн тәртібіне сәйкес Ғ.Сарыбаев Қаратал аудандық партия филиалының ғимаратында  ауданның белсенді мүшелерімен және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен  кездесті. «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы Қ.Бисембаев партия филиалының атқарылған жұмыстарына тоқталып, аудан жағдайымен таныстырып өтті. Ауданның партия белсенділері және БПҰ төрағаларымен Ғ.Сарыбаев партияның ішкі саясатын талқылап, аудан жұмысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол»  инфрақұрылымды  дамытудың 2015-2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік   бағдарламасын  іске асыруға  ҚР Ұлттық қорынан және тиімді  жұмсалуына  партиялық  бақылауды  қамтамасыз ету бойынша комиссия  мүшелерімен  кездесіп, осы бағдарлама аясында салынып  жатқан  320  орындық  балабақшаның  жұмыс  барысымен  танысты.

DSC_0170

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. «Нұр Отан » партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевтың қызметтік телефон нөмірін білуге бола ма?
    Тез арада осы эл. поштаға жазып жіберіңіздерші?
    Сәлеммен Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылынан

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here