«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен Ақтөбе олысы Мұғалжар ауданы «Жастар патриоттық клубы қоғамдық бірлестігі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған “25 Игі іс” атты республикалық акциясын өткізіп жатыр.
Аталмыш акцияның басты мақсаты — тәуелсіздігіміздің құндылықтары мен қадір қасиетін жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматын ігі істерді жасауға шақыру.
Акция адамдар бір-біріне көмек көрсетіп, мейрімді болуға, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыруға өз үлесін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.
Бұл шараға республикамыздың барлық тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар еліміздің белсенді жастары мен жастар ұйымдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылары мен жұлдыздары, шетелдегі қандас қазақ бауырлар да өз үлестерін қосады деп күтілуде.
Тура бір ай бойы жалғасатын “25 Игі іс” атты республикалық акция 2016 жылдың 6-маусымында басталған болатын.