Домой Жаңалықтар Спорт Американдық футбол Елордада

Американдық футбол Елордада

Американдық футбол Елордада

АҚШ-та кеңінен тараған спорт түрлерінің бірі елімізде аса танымал болмағанымен, оған әуес жандардың күшімен дамытылып келеді. Astana Wolves әуесқойлар командасы өзінің алғашқы жаттығуларын екі жыл бұрын бастаған болатын. Бүгінгі таңда «қасқырлар» командасына 40-50 адам мүше. Олар аталған спорт түріне аса құмар. 18 маусымда Орталық Азия лигасы аясында футболшылар Бішкектің «Барыстар» командасымен күш сынасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Американдық футбол Елордада

Американдық футбол командасын Денис Казимиренко мен Ассет Айнабеков құрған. Оны жасақтау идеясын олар көптен бері ойлап жүріп, осы спорт түріне әуес жандармен бірге іске асыра алды.

330a775a50738f4b28d9108b9e5.jpeg

Спортшылар Назарбаев университетінің алаңында дайындалады. Бірыңғай жаттығу жоспары әзірленді, балалар сол бойынша жұмыс істейді. Оларға тәжірибелі ойыншылар мен жарақат алып, жаттығуға қатыса алмайтындар да көмектеседі. Команда құрамына 16-дан 36 жасқа дейінгі футболшылар кіреді. Дене бітіміне қарамастан, кез келген адамға белгілі бір позиция беріледі, бұл спорт түріне бәрі де қатыса алады.

Тәжірибелі ойыншылардың бірі Бақыт Жазықбековтың айтуынша, бір қарағанда ойында көп жарақат алуға болатын сияқты, бірақ бұл тәжірибесіздіктен орын алады. Бастысы, техникалық айла-тәсілдерді меңгеру, дұрыс құлай білу және соққы жасағанда өз-өзіңді ұстана білу керек, киімді де тура өлшем бойынша кию қажет.

c829de19250f20b8c5d3ced63ab.jpeg

Футболшылар үлкен мақсатты көздеп отыр – алдағы уақытта маңызды ойын өтеді. Матч Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда ұйымдастырылады және бұл қайырымдылық шара болмақ. Жиналған қаржы мүгедектігі бар талантты адамдарды Болгарияға халықаралық конкурсқа жіберуге бағытталады. Кіру билетінің құны – 200 теңге.

Сонымен қатар, жақында елордада флаг-футболдан әйелдер құрамасы құрылды. Американдық футболға қарағанда бұл түйіспелі емес спорт түрі. Қыздар беліне жалаушалар байлап алып ойнайды, ал ойынды тоқтатпас үшін қарсыласыңның жалаушасын тартып алу керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here