Бүгін Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев өзінің жұмыс күнін Тәуелсіздік көшесіндегі саябаққа барудан бастады. Өткен жылдың соңында тапсырылған саябақ Қаратал шағынауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.
Учаскені аралау кезінде қала әкімі жасыл көшеттердің жағдайына назар аударды.
«Саябақ аймақтарын тиімді ұстау үшін біз қаланың коммуналдық қызметтерінің жанында демалыс аймақтарының жағдайына жауап беретін жұмыс топтарын құруымыз қажет», — деп атап өтті Бағдат Қарасаев.
Сондай-ақ әкім «Шымыр» ЖШС жұмыскерлерінен тұратын осындай топтардың біріншісімен танысып өтті. Қала басшысы бірінші кезекте газонды одан әрі көгалдандыру үшін топырақ қопсыту жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Б. Қарасаевтың айтуынша, осындай тәжірибе басқа саябақтар, саяжолдарда енгізіледі. Жұмыс топтары жүргізген барлық жұмыстарды Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қадағалайтын болады.
ҚазАқпарат