Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ақпан айында елордада қазақ тілін үйрету бойынша курстар ашылды. Тыңдаушылардың жалпы саны — 1500 адам. Оқу жыл соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне және қала тұрғындарына арналған қазақ тілінен тегін оқыту курстарын ұйымдастырады. Білікті мамандар сабақтарды «Іскер» оқу орталығында аптасына екі рет өткізеді.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында әлеуметтік сала қызметкерлері үшін ағылшын тілінен курстар ашылды. Тыңдаушылар саны – 600 адам. Сондай-ақ, 110 мемлекеттік қызметші де шетел тілін меңгеруде.
салемтбе