Таразда «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» республикалық байқауының шешуші кезеңі өтті.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған сайыс 3 айға созылып, қазақ дастарханының байырғы тағамдарын қайта жаңғыртуға бағытталды. Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бұл біздің көпжылдық дәстүрлерімізді сақтап, насихаттауға аса қажетті екендігін атап өтті. 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан жиналған аспаздар көпшілікке өздері дайындаған, бүгінде ұмыт болған ас түрлерін көрсетті. Ол үшін мамандар ел ішін аралап, көненің көзін көрген қариялармен тілдесті.
Сондай-ақ Тараз төрінде неофольклор стиліндегі дизайнерлер сайысы да ұйымдастырылды. Онда қолөнер шеберлері ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заманауи киім-кешекке қолдану, түрлі матадан көйлек жасау тәсілдерімен бөлісті.