Домой Жаңалықтар Қоғам Ақ халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халатты абзал жандар марапатталдыБүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде өңір басшысы Амандық Баталов облыстың медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай келе, елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде: «Өмірде нағыз табысқа – адамдарға және өз еліне пайда әкелетіндер ғана қол жеткізеді»,- деген болатын.

Мемлекетіміздің қуатты елдердің қатарында болуы үшін – әр адамның дені сау, рухы биік болуы тиіс. Осы орайда, «100 нақты қадам. Ұлт жоспары» медицина саласының дамуына жаңа серпін беруде. Адам өміріне араша болған барша ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, еңбегіне жеміс, отбасыларына бақыт тілеймін. Әр адамға жан жылуын аямай, аялы алақан, мейірімділікпен халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер, — деп мереке иелеріне жылы лебізін білдірді.

Осы күні жылдағы үрдіс бойынша жұмысына деген адал сүйіспеншілігі мен маңдай терінің арқасында еңбегі жоғары бағаланған сала қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет» және «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ бұл күні 8 номинация бойынша жылдың үздіктері де анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ:

«Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір дәрігерлік амбулаториясы;

«Үздік аудандық аурухана» номинациясының жеңімпазы және 150 000 тг ақшалай сыйлыққа – Райымбек ауданы Нарынқол аудандық ауруханасы;

«Үздік аудандық орталық аурухана» номинациясының жеңімпазы және 250 000 тг ақшалай сыйлыққа – Талғар аудандық орталық ауруханасы;

«Үздік облыстық медициналық мекеме» номинациясының жеңімпазы және 200 000 тг ақшалай сыйлыққа – Алматы аймақтық туберкулез диспансері;

«Кезексіз емхана!» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Көксу аудандық орталық ауруханасының емханасы;

«Үздік менеджер» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Текелі қалалық ауруханасының бас дәрігері Төлеуханова Ләйлә Омарханқызы;

«Үздік мейірбике» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Сарқан аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Малайбекова Салтанат Есімбекқызы;

«Жылдың үздік дәрігері» номинациясының жеңімпазы және 500 000 тг ақшалай сыйлыққа – Қарасай аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Стадников Максим Александрович ие болды.

Марапаттау рәсімінен кейін номинация иегерлері өздерінің алғыс білдіру сөздерінде барша медицина саласы қызметкерлерінің басты мақсатының ортақтығын, ол – азаматтардың дертіне шипа беріп, дер кезінде сапалы жәрдем көрсету екендіктерін бір ауыздан атап өтті.

Шараның соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымының орындауындағы концерттік бағдарламамен ұласты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here