Домой Жаңалықтар Спорт Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

Астанада дуатлоннан жарыс өтеді26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілетін болады. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана-дуатлон — 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. «Астана-дуатлон — 2016» жарысына қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады.

Турнир үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтеді, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүреді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here