Астанада екінші қалалық ментальды арифметика бойынша олимпиада өтті.
Жарысқа 5 пен 15 жас аралығындағы 200 бала қатысты. Оларға әртүрлі арифметикалық қиын жаттығуларды ойша есптеп шығару тапсырылған. Ал көмекші құрал ретінде тек қарындаш пен бір парақ қағаз ғана берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл зерек балалар ең қиын деген жаттығуды оңай шешіп береді. Айта кетерлігі, әлем бойынша ментальды арифметикамен АҚШ, Еуропа, Түркия, Қытай, Малайзия, Сингапур және Үндістанды қосқанда 5 млн бала шұғылданады.
Татьяна Хабалашвили, ментальды арифметиканы оқыту орталығының директоры:
— Өздеріңіз білетіндей, оң қолмен жазатындарда миының сол жақ бөлігі дамыған. Соның кесірінен баланың шығармашылық мүмкіндіктерді толық ашылмайды. Ал солақайларда мидың оң жақ бөлігі дамғандықтан логикалық ойлау қабілеті жоғары емес. Ал бізде балалар миының қос бөлігін бірдей дамыта алады. Болашақта мұның берері көп. Мәселен қандай да бір шешім қабылдар кезде жан-жақты саралап барып қабылдайды. Әрбір қадамын ойланып басатын болады.