«Алау» жазғы спорт орталығы осы күнге дейін 8 мыңнан астам астаналықты қабылдаған, 1000 астам адам Hockey Room хоккей мектебіне барса, 1500 оқушы қызығушылығына қарай ермек тапты, соның ішінде 250 бала көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бірнеше жылдан бері күн жылынғанда «Алау» сарайы жазғы спорт орталығы форматында жұмыс істеп келеді. Мұнда үстел теннисін, бадминтон ойнап, 400 метрлік жолда ролик тебуге болады. Жазда да мүз айдынында коньки тебу мүмкіндігі жасалған. Биылғы маусымның жаңалығы –шағын гольф.
Қала тұрғындары «Алау» сарайынан шықпай-ақ кез келген спорт түрінде бағын сынай алады.
Сонымен қатар, орталық аумағында таза ауада жағажай волейболы мен шағын футбол ойнауға болады.