Жұмыспен қамту орталығы жалпы, елордада биыл 12 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Бүгін шара барысында 30 астам қалалық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жұмыс іздеушілер де, жұмыс берушілер де бос орындар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтуде. Елордалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шаралардың арқасында жеке меншікті жұмыс берушілер көп уақыттарын жұмсамай өздеріне лайықты жұмыскерлерді таба алады.
Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің арқасында 2 858 адам жұмысқа орналастырылды. Бәрі де өзіне лайық жұмыс таба алды. Атап айтқанда, 998 адам қоғамдық жұмыстарға кірісті, 411-і кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сонымен қатар, 254 адам жастар практикасына қабылданды.
Биыл Жұмыспен қамту орталығына бес жыл болады. Осы кезеңде 36 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 30 мыңдай елорда тұрғынына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Бес жылда 9,5 мың адам кәсіптік даярлау және қайта даярлаудан өтті.