Домой Жаңалықтар Спорт Елордалық полицейлер футбол алаңында мемлекеттік қызметкерлермен шеберлік байқасты

Елордалық полицейлер футбол алаңында мемлекеттік қызметкерлермен шеберлік байқасты

Елордалық полицейлер футбол алаңында мемлекеттік қызметкерлермен шеберлік байқасты

108d99d6e9b886329101f6249e2Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда елорда әкімдігі мен қалалық Ішкі істер департаментінің командаларының арасында футболдан «Достық кубогы» жарысы өтті. Жолдастық кездесу қалалық тәртіп сақшыларының пайдасына шешілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спорттық жарыс қазақстандық Полиция күні мен Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған. Алғашқы жолдастық кездесу былтыр өткізіліп, матч 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Биылғы кездесу тартысты өтті. Қос команданың өкілдері жаңбырға қарамастан бір-біріне дес бермеді.

Сонымен қатар, алаңда ерекше көзге түскендер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының бөлім бастығы Жеңіс Бектаев «Үздік қақпашы», Тергеу басқармасының бөлім бастығы «Үздік шабуылдаушы», оқу-жаттығу ротасы командирінің орынбасары Ардақ Амантаев «Үздік қорғаушы», №8 БЖСМ директоры Ербол Кошанов «Үздік ойыншы» атанды.

Үзіліс кезінде қолданбалы спорт түрлерінен алты кезеңдік полицейлік эстафета өткізілді. Бірінші кезеңде  — ПМ-9 мм толық емес бұзу/жинау, стадионды айналып, 450 м жүгіру. Екінші кезең – газқағармен 200 м жүгіру. Үшінші кезең – зембілмен 200 м жүгіру. Төртінші кезең — 200 м жүгіру. Бесінші кезең – ролликпен 800 м жүгіру. Алтыншы кезең – 150 м қашықтыққа толық әскери керекті жабдықтармен және киіммен жүгіру.

Келесі кездесуге дейін «Достық кубогы» Астана қаласының Ішкі істер департаментінде болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here