Домой Жаңалықтар Спорт Астанада өтетін спорттық жарысқа Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады

Астанада өтетін спорттық жарысқа Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады

Астанада өтетін спорттық жарысқа Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады

52ae725e85b8efab5b12a528426Танымал қазақстандық велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жексенбі күні, 26 маусымда Астанада өтетін дуатлоннан жарысқа қатысады. Спортшы «Астана дуатлон-2016» шарасына қатысушылармен бірге үш қашықтықты бағындырады – 5 шақырымқа жүгіру, 15 шақырымды велосипедпен жүріп өту, және соңғы кезең – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіру. Қашықтықтың жалпы ұзындығы – 25 шақырым – ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Бұрын хабарланғандай, Елорда күнін мерекелеуге орай дуатлоннан жарыс Астанада екінші рет өткізілетін болады. Спорттық шара Астананың сол жағалауында ұйымдастырылып, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңнан басталады. Жүгіру Қонаев көшесінен басталады, одан әрі қатысушылар Қабанбай батыр даңғылы, Достық және Орынбор көшелерімен жүгіріп өтеді. Мәреде жасалған арнайы аймақта спортшылар велосипедке отырып, жарысты жалғастырады. Веложарыс та Қонаев көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылымен жалғасады, дуатлонға қатысушылар НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектебі) жанынан қайта айналып Керей және Жәнібек хандар көшесіне дейін барады, содан кейін осы жолмен Орынбор көшесіне дейін жүреді, веложарыс Қонаев көшесінде мәресіне жетеді.

«Астана-дуатлон — 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. Жарысқа қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Былтырғыдай әрбір қатысушының уақыты жеке белгіленеді. Жарыс жеңімпаздары қашықтықты бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт көрсеткіштері бойынша бірнеше топта анықталады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар, соның ішінде Астананың таңдаулы фитнесс клубына жылдық абонемент, велосипедтер және т.б. табысталады.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Астана-дуатлон-2016» жарысының регламентімен www.astanaday.kz сайтынан танысуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here