Атырау облысы Индер ауылы Елтай ауылының тұрғыны Гүлжан Шәкімова Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде шетелдіктерге бұқа жүрегінен дәм таттыруды көздеп отыр. Г.Шәкімова көрмеде жұмыс істеу құқығына республикалық аспаздар байқауының жүлдегері атанған соң ие болды.
«Байқауда «Жаужүрек» деп аталатын қазақтың ұлттық тағамын дайындадым. Тағам ірі қараның жүрегінен әзірленеді. Қазақ дәстүрлеріне сәйкес, біздің аналарымыз бұрын оны өз ұлдарына шайқас алдында дайындаған. 300 аспаз қатысқан байқауда ол үшінші орынға ие болдым. Осы тағамды ЭКСПО-2017 көрмесінде де дайындауға ниеттімін», — деді Г.Шәкімова облыс әкімі Нұрлан Ноғаевке.
Осыған дейін хабарлағандай, Н.Ноғаев облыстың 72 ауылдық округіне жұмыс сапарымен баруды жоспарлаған болатын. Индер ауданы — аймақ басшысы барған төртінші аудан.
Индер ауданында әкім барған нысандардың бірі — Елтай ауылында орналасқан «Жас Өркен» балалар лагері. Нысан 2011 жылы қолданысқа енгізілді. Онда 175 адам тұра алады. Қазір мұнда 157 жергілікті оқушы демалып жатыр, қызметкерлердің саны — 39 адам.