Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктері

Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктері

Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктері

Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктеріҚарақұмық диетасы артық салмақтан арылтып қана қоймай, ағзаға оң әсерін де тигізеді. Жасұныққа бай бұл жарма ағзадағы токсиндер мен артық суды сыртқа шығарады. Әдетте, қарақұмық диетасын тек арықтау үшін ғана емес, ағзаны тазалау үшін де ұстап жатады.

Қарақұмықтың құрамында көмірсу, ағуыз бен майларды, фосфор мен йодты сіңіріп, зат алмасу процессіне қатысатын В, Р дәрумендері бар.

Қарақұмық диетасы монодиета санатына жатады. Яғни оның мәзірінде тек қарақұмық қана болады. Сондықтан да ол нәтижелі болғанымен, арықтаудың ауыр жолы саналады. Осыны ескере отырып, бұл диета түрін 5-7 күннен артық ұстауға болмайды. Ал егер қайталап ұстағыңыз келсе, арасы алты айдан кем болмасын. Монодиета кезінде күнделікті қарақұмықты қанша жесеңіз де, еш тыйым жоқ. Сондықтан ашырқау сезімі де бола қоймайды. Басты талаптар төмендегідей:

  • Ұйқыға жатардан 5 сағат бұрын тамақтану керек;
  • Суды көбірек ішіңіз (1,5 литрден көп);
  • Судың сыртында қантсыз көк шай ішуге болады;
  • Қарныңыз қатты ашса немесе іш қататын болса, жатардан 1 сағат бұрын 1 стакан майсыз айран ішуге болады;
  • Қарақұмықты тұз, дәмдеуіштер салмай, май, сүт, тұздық құймай, буға пісіру керек немесе үстінен қайнаған ыстық су құйып, таңға дейін қалдырыңыз (толығырақ төменде).

 200 г қарақұмықты ыдысқа салып, бетінен 0,5 л қайнаған ыстық су құйыңыз да қақпағын жауып қойыңыз. Таңертеңге дейін дайын болады. Егер суды түгел сіңіріп алмаған болса, суын төгіп тастаңыз.

 Қарақұмық диетасын бастағанда-ақ нәтижесінің қандай болатынын болжап білуге болады. Яғни бастапқы күндері қанша салмақ тастасаңыз, ары қарай да солай жалғаспақ. Нәтижелі диетаның көрсеткіші – бір апта ішінде 10 киллограмға дейін барады.

Қарақұмықтың құрамында мол дәрумендер мен микроэлементтер болғандықтан бұл диетаны ұстау кезінде шашыңызға, тырнағыңыз бен теріңізге оның ешқандай да кері әсері болмайды.

 Қарақұмық диетасынан кейін әдеттегі ас мәзіріне бірден ауысуға болмайды. Диета біткеннен кейінгі бір апта бойы майлы тағам жемеген жөн. Оның орнына ағуызға бай, майсыз тағамдарды мәзіріңізге енгізіңіз. Сондай-ақ оларды да буда дайындаған дұрыс. Қуырылған, тұзды, ащы тағамға жоламаңыз. Алғашқы аптада тұзды азырақ қолданыңыз. Тағамның тұзын аздап салып, күн өткен сайын біртіндеп қосуға болады. Сонымен қатар ұн тағамдары, тәттілерге де шек қою керек. Аздаған мөлшерде тек қара шоколадтың дәмін татуға болады.

 Сондай-ақ диетадан кейінгі екінші аптада да ас мәзірін қадағалау керек. Бұл уақытта аздап көмірсудан қосуға болады. Онда да көкөністер, жарма мен майсыз сүт өнімдері түрінде ғана.

 Егер диетадан кейін бұрынғы салмағыңыз қайта пайда болсын демесеңіз, ас мәзірін қадағалап, дұрыс тамақтануды қолға алу керек. Майонез, кетчуп, тұздықтар, майлы қаймақ, алкогольді сусындардан бас тартыңыз.

Кері әсері қандай?

 Қарақұмық диетасы кезінде қант мен тұздан толықтай бас тартуға тура келеді. Сондықтан да бас ауруы пайда болуы, қан қысымында қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін. Глюкозаның жетіспеуінен мидың жұмыс істеу қабілеті төмендеуі ғажап емес. Сондықтан да ұмытшақтық, шаршау, әлсіздік болады.

 Қарақұмық диетасын диабет, асқазан жарасы, гипертония сынды аурруға шалдыққан жандарға және бала емізетін келіншектерге ұстауға болмайды!

anabol.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here