Елордамызда екінші рет қатарынан дуатлон өткізілді. Турнирге 300 астам қала тұрғындары мен өзге де аймақтардан келген қатысушылар қатысты.
Олардың арасында әйгілі велошабандоз Александр Винокуров, Республикамыздық Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиярұлы да бар. Жарысқа қатысушылар әуелі 5 километр жүгіріп өтті. Одан кейін 15 километр велосипедпен жарысты, қорытынды кезеңде – тағы да 5 километр жүгірді. Осылайша барлығы 25 километр қашықтықты құрады. Мұның символикалық мағынасы бар. Себебі еліміздің егемендігіне биыл – 25 жыл. Жеңімпаздарға теледидар, ноутбук, кроссфитке абонемент секілді сыйлықтар табысталды. Турнирдің ұйымдаструшыларының айтуынша дуатлон алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. Себебі жылдан-жылға қатысушылар саны еселеп келеді Бұл елорда тұрғындары арасында велоспортқа деген қызығушылық артқанының көрсеткіші болса керек.
Автор: Шырақ Байкенова