Домой Жаңалықтар Қоғам Астана Елорда күніне орай безендірілуде

Астана Елорда күніне орай безендірілуде

Астана Елорда күніне орай безендірілуде

Астана Елорда күніне орай безендірілудеҚала тұрғындары мен қонақтары әдемі мерекелердің бірі – елорда күнін қарсы алады. Ару Астана жаңа кейіпке енбек – ғимараттардың мерекеге орай безендірілген қасбеттері, жарқ-жұрқ еткен конструкциялар және шағын сәулетті пішіндер ерекше атмосфера орнатпақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы ауданында 21 жарықдинамикалық панно мен 375 кронштейн орнатылған. Басты көшелерге консольдік тулар, ал Бейбітшілік пен келісім сарайының және «Жерұйық» паркінің алдына ту паннолары қойылды. Парктердегі шамдар мен көпірлер мерекеге орай гүл шарлармен безендіріледі.

Жалпы, «Алматы» ауданының аумағында шағын сәулеттік пішіннің 22 жиынтығы орнатылып, ғимараттардың қасбеттері әрленеді.

Сол жағалауда керемет шарлар мен тырналар көздің жауын алады. Ал баршаның көзайымына айналған «I Love Astana» конструкциялары Есіл өзенінің жағасына, Астаналық паркте, Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында, «Жан Жүрегім Астана» – «Астана Опера» театрының жанында, «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының жанында және Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Я люблю Астану» конструкциясы орнатылды.

Елорданың туған күніне орай ағаштар да безендіріледі, «Құрманғазы» гүлбағында декоративтік рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Арай», «Ғашықтар» парктерінде, «Астаналық цирк» гүлбағында, «Астана Опера» театры ауданындағы гүлбақта және «Есіл» ауданы әкімдігінің жанында жарықтандыру тіректерінде кронштейндер безендіріліп жатыр. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы жерасты өткелі, «Астана Опера» театрының алдындағы көпір, Орынбор көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер көпірі мен «ҚазМұнайГаз» көпірі, Сығанақ көшесіндегі «Транстроймост» көлік жолайырығы әдемі жарықтандырылатын болады. Мұнымен қоса, тұрғын үйлердің қасбеттерін безендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Сарыарқа» ауданының әкімдігі орталық көшелерді, алаңдар мен мерекелік шаралар өтетін орындарды безендіруді қолға алды. Осылайша, Есіл өзенінің жағасында арка орнатылып, жаяу жүргіншілер көпірі безендірілді, қалалық алаңда ту конструкциялары мен сауда шатырлары болады.

Аудан аумағында «Көбелек», «Көбелектің ұшуы», «Астана күні», «Кемпірқосақ», «Жүзімнің сабағы», «Геометриялық тоннель», «Стильденген жануарлар», «Кілт», «Гүл аркалары», «Көше жиһазы» және т.б. шағын сәулеттік пішіндер орнатылады.

Ал теміржол вокзалының жанында, қалалық алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, ҚР қаржы министрлігі ғимаратының және абай ескерткішінің жанында қала тұрғындары мен қонақтары «Инстаграм» және «Астаналық фото» гринобустарымен (фотостендімен) естелікке суретке түсе алады.

Ел ордасы — Астана қала тұрғындарын қуантып, қала қонақтарын қарсы алуға дайын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here