Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллының қорытындысы бойынша Астананың үш мектебі республикамыздағы үздік мамандандырылған мектептер ондығына кірді. «Дарын» мамандандырылған лицейінде ҰБТ-ның орташа баллы 113-ті, дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің орташа көрсеткіші 111,98 баллды және дарынды қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінде 111,63 баллды құрады.
Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектептің бесеуі елордада орналасқан. Соның ішінде, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясы бар.
Еске салайық, 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үздік мамандандырылған мектептер тізіміне дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде»мектебі енген болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.