Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту туризм саласын дамытудағы басым бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта жаңа қонақ үй, демалыс аймақтары мен нысандарының құрылысына қатысты жұмыстар басталды. Өз кезегінде туристерді Алакөл жағалауына қауіпсіз және жайлы жағдайда жеткізу үшін Үшарал аэродромына тұрақты ұшуларды қалпына келтірудің қажеттігі туды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
Қазіргі уақытта Үшарал қаласының әскери аэродромын азаматтық авиация үшін бірлесе пайдалануды қарастыратын ҚР ИДМ мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Аэродромдарды бірлесе игеру және бірлесе орналасатын аэродромдардың тізімін бекіту жөніндегі» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Сонымен бірге Алматы облысының әкімдігі Үшарал әуежайы аэровокзалы ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жақын күндері бастау көзделіп отыр. Сондай-ақ, ұшып-қону алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы және әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті радиотехникалық және метеорологиялық құрал-жабдықтар орнатуға қатысты мәселелер шешілуде.