Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді

Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді

Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді

Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөліндіАлматыда Есентай өзенінің Жетісу ауданындағы және Қарасу өзенінің Түркісіб ауданындағы учаскелері мен су қорғау жолақтарында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су объектілерін және жер қойнауын пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Айдын Темешевтің айтуынша, бұл екі учаскеде 66 тұрғын үй мен 48 азық-түлік базасын су басу қаупі бар.

Есентай өзенінің Райымбек даңғылы мен Ангарский көшесі аралығындағы учаскесі қайта жаңғыртылады. Ұзындығы — 4,5 шақырым. Бұл учаскеде өзеннің табаны тереңдетіліп, жағасы темірбетонмен және габионды құрылымдармен нығайтылады.

Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа — 640 млн. жуық теңге бөлінді. Мердігерлік ұйым — «Спецстрой Компаниясы» ЖШС. Қайта жаңғырту жұмыстары қазір басталып та кетті. Ол биылғы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.

«Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылы аралығында негізінен жеке тұрғын үйлер, зират, өндірістік базалар орналасқан. Ал Рысқұлов даңғылы мен Маркелов көшесі аралығында тұрғын үйлер өзен арнасына өте жақын орналасқан. Оның үстіне бұл аумақта қоймалар, базарлар бар. Яғни, өте қауіпті участок. 450 жеке тұрғын үй бар. Сел бола қалса, бұл үйдерді су басуы мүмкін. Біз қазір

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының тиісті рұқсатын алдық. Енді өзен арнасында өсіп тұрған, құрылысқа кедергі келтіретін 170 ағаштар алынып тасталады», — деді ол.

Ал Қарасу өзеніндегі қайта жаңғырту жұмыстары  Ипподром мен Ержанов көшесі аралығындағы учаскесінде жүргізіледі. Ұзындығы — 4,2 шақырым. Жоспар бойынша өзеннің табаны тереңдетіліп, жағасы нығайтылады. Жергілікті бюджеттен бұл жұмыстарға — 540 млн. теңге бөлінді. Жұмыс алдағы желтоқсан айында аяқталады.

«Жөндеу жұмыстары барысында коммуникация желісі өшірілмейді. Есентай өзені бойынша желілердің орны ауыстырылады. Бірақ, бұл жөнінде меншік иелерімен алдын ала келісіп алынады», — деді А. Темешев.

ҚазАқпарат 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here