Елорда күнін мерекелеуге орай жетекші аспаздар қала әкімдігінің алдындағы алаңда кездеседі. Ең «тәтті» «Аспаздар шеберлігі – сүйікті қалаға» фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аспаздық жекпе-жекке елордалық мейрамханалардың үздік кәсіпқой аспазшылары қатысады. Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдар ассортиментімен танысып, одан дәм татып, лайықты бағасын береді. Мұнымен қоса, аталмыш шара аспазшылар үшін өздерінің ерекше туындыларын көрсетудің, ал қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін – сервис сапасы мен деңгейін арттырып, өз атын шығарудың бірден-бір мүмкіндігі.
Әдеттегідей, мерекеде елорданың үздік бармені және үздік даяшысы, сондай-ақ, ең дәмді фирмалық тағам анықталады.