Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында «Ауылым — алтын бесігім» форумы өтуде

Алматы облысында «Ауылым — алтын бесігім» форумы өтуде

Алматы облысында «Ауылым — алтын бесігім» форумы өтуде

Талдықорған қаласындағы «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» аумағында аудандық және қалалық қоғамдық келісім кеңестерінің оңды тәжірибесін бөлісу және жұмыстың тиімді түрлерін анықтау мақсатында облыстық форум өткізілді.

ef6e978e043dcfe92c7f4af970682b36

Форум, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру, жастарды Қазақстандық Патриотизм рухында тәрбиелеу, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастырудағы алдыңғы қатарлы тәжірибені өңірлерге таратуды мақсат етеді.

Басқосу аясында қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстары туралы ақпараттық стендтер, альбом, кітапшалар көрсетіліп,    этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық орыс орталығының төрағасы Бузыкин Александр Александрович және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Элефтерия» облыстық грек ЭМО-ның төрағасы Иорданиди Георгий Константинович еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық сақтау, бірлік пен келісімді нығайту шаралары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру жайында сөз сөйледі.

Бүгін бұл шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісіне жалғасып, онда Ассамблея жанынан құрылған кеңестер жұмысы туралы есептер тыңдалады. Сонымен қатар форумдағы ең үздік жұмыстардың иелеріне ақшалай сыйлықтар табысталатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here