Көп тараған аурулардың бірі — ұшық. Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай болып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағдайлардан болады деп санайды.
Ұшық жұқпалы. Сол кезде «симплекс ұшығы» деген вирус аузыңызға кіріп кетіп, ұшық жұқтырасыз.
Ұшықты емдеу, алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:
1.Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз;
2. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады;
3. Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың 2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады;
4. Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз;
5. Ұшық көбінесе стрестік жағдайлардың салдары болғандықтан, жақсы демалып, бұлшық етті бос ұстаңыз.
6. Ұшықты жазу үшін алоэның сөлін сығып алып, оны шай қасықпен күніне 2-3 рет ішіп отырады. Және де терек ағашының сөлімен ұшық шыққан жерді күніне 2-3 рет сүртеді.