Домой Жаңалықтар Әлем Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарына

Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарына

Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарына

Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарынаБритандық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Олар барлық медициналық қараудан оның ішінде магнитті резонансты томографиядан өтіп, жүректерін тексертеді. Алайда дәрігерлер көру қабілетін жоғалтатын еш ақау таппады. Офтальмолог екі әйелдің де көз жанары көрмей қалған уақытта немен айналысқанын анықтады. Белгілі болғандай, екеуі де түнде төсекте бір қырындап жатып, бір көзі жастықпен жабылған күйі жалғыз көзбен қалта телефонын қарайтын болған.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді.

Ihsan.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here