Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 30 маусым күні сағат 19.00-де ХХV мерейтойлық маусымын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен жабады.
Театр ұжымы үшін ХХV мауысым (2015 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы) табысты әрі тың жаңалықтарға толы маусымның бірі болды. Себебі, биыл Тәуелсіздікпен құрдас қарашаңырақ өзінің мерейлі маусымына аяқ басты.
ХХV МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Жыл премьералары:
1. М. Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;
2. Т. Теменовтің «Аққудың көз жасы…» лирикалық драмасы;
3. О. Жанайдаровтың «Жұт» драмасы. Қоюшы режиссері – Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері Айрат Абушахманов;
4. А. Чеховтың «Шие» комедиясы. Қоюшы режиссері – Сергей Потапов. Якутиядан арнайы шақыртылған танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» сыйлығының иегері;
5. Р. Мұқанованың «Сарра» драмасы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева;
6. А. Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;
7. Ж. Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?…» драмасы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.
Театр ұжымы қатысқан фестивальдер:
– 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов;
2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын, актриса А. Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды;
2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен қатысып, Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов – полковник Лукьянов, актер Әбілмансұр Серіков – Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева – Инга рөлдері үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанттары атанды;
2016 жылдың ақпан айының 26 мен наурыз айының 3 аралығында Челябі қаласында (Ресей) МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізген «CHELoBEK ТЕАТРА» IV Халықаралық кіші форум театр фестиваліне Астана қалалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасымен қатысып, театр ұжымының еңбегі жоғары деп бағаланды;
2016 жылдың 27 мамыр мен 2 маусым аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өткен VIII Халықаралық «Гостиный двор» театр фестиваліне «Тыраулап ұшқан тырналар» (авторы: В. Ежов, режиссері: Т.Теменов) лирикалық драмасымен қатысты.
Гастрольдік сапарлар:
– 2016 жылдың 25-30 сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Талдықорған қаласында гастрольдік сапарда болды.