Алматы облысындағы Көксу ауданы Жамбыл ауылында Мемлекет басшысының апатты мектептер мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 120 орынды жаңа мектеп салынуда.
Заманауи мектептің құрылысына 430 млн. теңге бөлінді. Онда сапалы білім алуға қажетті жағдайлардың бәрі жасалатын болады.
Тапсырыс беруші Көксу аудандық құрылыс бөлімінің мамандары құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын айтуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын техникалық және авторлық қадағалау қызметтері бақылап отыр.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы К. Әдетбековтің айтуынша, бұл мектеп — көптен күткен нысанның бірі. Ал бұрынғы мектептің ғимараты балабақша ретінде жасақталып, пайдаланылмақ.