АҚШ мамандары телефон бойынша сауалнама жүргізді. Оған 10900 жуық адам қатысты. Зерттеушілер ерлер әйелдерге қарағанда көп уақыт жұмыс істейтінін анықтады.
Алайда, әйелдер, үйлерінде біраз шаруа тындырып үлгерген. Еңбекпен қамтылған ерлер әйелдерге қарағанда күніне орташа алғанда 42 минут көбірек жұмыс істеген, деп жазды The Daily Mail.
Аптасына 35 сағаттан артық жұмыс істеген ерлер, күніне 8,2 сағаттан жұмыста болған. Ал әйелдер күніне шамамен 7,8 сағат жұмыс істеді.
Әйелдердің 50% және ерлердің 22% күнделікті үйдегі шаруалармен айналысқан. Әйелдердің 70% және ерлердің 43% тағам дайындау және үйді жинаумен айналысқан. Мамандардың айтуынша, 2003 жылдан күн сайын тамақ пісіретін ерлер саны 8% артқан, ал үй шаруасымен айналысатын әйелдер саны 4% қысқарған.