Қазіргі таңда Түлкібас ауыл шаруашылығы жағынан қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылық техникалары жаңартылып, шаруа қожалықтар мен кооперативтер біріктірілуде.
Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Қ.Абдуалиев шаруа қожалықтың иелерімен кездесті. Онда ол саланы одан әрі жандандыру мақсатында заман талабына сай жаңа техникалармен жабдықталған станциясын құру мәселесі қолға алынғанын айтып, бүгінде ауданның үш аймағында машина трактор станциясы құрылып, өз жұмысын жүргізіп келетіні жеткізді.
Жаңадан құрылған станция Түлкібас ауданына қарасты кооперативтермен шаруа қожалықтардың егістіктегі жерін аудару, егу, жинау тағы басқада жұмыстарын жүргізетін болады. Жалпы ауданда 1455 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Шаруалармен кездесу барысында аудан басшысы астық ору науқанымен танысып, егін ору техникаларының дайындығын пысықтады. Бүгінде аудан егін жинау науқанына толыққанды дайын. Ол жұмыстарға 35 техника жұмылдырылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.