Оңтүстікқазақстандық төтенше жағдайлар қызметкерлері шомылу маусымында сақ болуға шақырды. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Асибеков айтты.
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 320 су айдыны болса, оның 41-і — су қоймасы, 16-сы — көл, 82-сі — өзен, 181-і — канал. Ал осы су қоймалардың яғни, Тоғыс, Бадам, Шардарада жедел-құтқару жасағының құтқару бекеттері ұйымдастырылған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Облыс аумағында өткен жылға қарағанда биылғы жылы жазатайым оқиғадан қайтыс болған адам өлімі көбейген, соның ішінде бала өлімі көп. Орташа есеппен алғанда 2016 жылдың басынан бері 35 адам суға батқан оның ішінде 26-сы — жөсөспірімдер. Оқиғаның көбісі шомылу аймақтарынан тыс жерде орын алған», — деді Н. Асибеков.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында төтеншеліктер орын алған жағдайдың көбісі ересектердің қарауынсыз қалдырылған балалардың каналдарда, үйдің жанында ағатын арықтарда, бассейнде суға бату жағдайы екенін айтады. Сондықтан олар барша тұрғындарға арнайы белгіленген жерде шомылып, сақ болуға шақырды және ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырып кетпеуді сұрады.