Домой Жаңалықтар Мәдениет Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды

Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды

Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды

cbac63125f0bff07eb530e40927Кеше шымылдығын ашқан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпелілер өркениетімен таныстырады. Аталған шара Астанада 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, оған 300 жуық әртіс қатысады. Мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер назарына жаңа инсталляциялар және ең бастысы – музей ұсынылмақ.

— Биылғы фестивальдің ерекшелігі – бес киіз үйден жасалған көшпелілер музейі. Тағы да бір айта кетерлік жайт, түрлі инсталляциялар орнатылады: түркі халқының басын қосатын бал балдар, көшпелілердің тұрғынжайлары, атрибуттар. Көбі көшпелілер қалай тұрған деп сұрайды. Үйлері қандай болған, киімі. Осының барлығы фестивальде көрсетілген, — дейді «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің екінші режиссері Арайлым Қалдыбаева.

0d2bf4a17c23b938128ca21a470.jpeg

Сонымен қатар, музейде көшпелі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері, ескерткіштері қойылған. Дәстүрлі тұрғынжай интерьері жасалып, ұлттық костюмнің түр-түрі, әшекейлер, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар ұсынылады. Еліміздің мұражайларының қорларынан жиналған экспонаттар келушілерді Орталық Азиядағы көшпелілер өркениетінің әлемімен таныстырады.

— Мұнда жыл сайын келіп тұрамыз, Қазақ хандығы заманындағы батырлардың рөлдерін сомдаймыз. Мысалы, мен ата-бабаларымыз киген киімге ұқсайтын батырдың костюмін киіп тұрмын. Оның салмағы 27 кг, — дейді Алматы қ. «Арлан» театрының актері Алмас Калиуллин.

acfbefccd0752ca1b7197ee0526.jpeg

Көшпелілер өркениетінің орталығы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы алаңда орналасқан және 6 шілдеге дейін ашық болады. Шара барысында келушілер назарына дәстүрлі музыка концерті мен ақындар айтысы, «Ат жалында» атты спорттық шоу, «Алтын сақа» жарысы, «Фольклордағы өмір» этношоуы, көшпелілер циркі ұсынылады, сондай-ақ, кереуен сарай мен халықтық қолданбалы өнер жәрмеңкесін, музыкалық аспаптар көрмесін және т.б. аралауға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here