Домой Жаңалықтар Қоғам Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келдіБүгін түнде Астананың миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасының тұңғышы. Анасы – №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі — «Астана-РЭК» маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.).

Қала әкімі Әсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жас отбасы ата-анасымен тұрады, сондықтан бұл олар үшін нағыз тосын сый болды.

«Бүгін мен үшін қос мереке – әкемнің туған күні және қызым дүние есігін ашып отыр. Оның үстіне, пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардың арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздың саны арта берсін деп тілеймін. Әке мен ана болу бақытын әркімнің басына берсін», — дейді қызының есімін Саида деп қойған бақытты әке.

18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сәби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік денсаулық жүйесіне баса назар аударуының арқасында қолжеткізілді. Күн сайын елордада 75-80 бала туады. Өткен жылы Астанада 26110 нәресте, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 13740 сәби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here