Дортмунд қаласында грек-рим және еркін күрес балуандары арасында «Германия Гран-приі» өтті.
Еркін күрестен отандық балуандар бірден үш наградаға ие болды. 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Дәулет Шабанбай финалға дейін жетіп, әзербайжандық Джамаладдин Магомедовтен жеңілді. Ал Нұрлан Бекжанов (70 келіге дейін) пен Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін) қола медаль алды.