Қалалық алаңда «Аспазшылар шеберлігі – сүйікті қалаға» атты төртінші аспазшылар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шара 6 шілдеге дейін жалғасады. Осы күндері даяшылар, бармендер мен аспазшылар өзара сайысқа түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2 кезеңмен өткен байқауға елордалық мейрамхана, кофехана мен кондитерлік дүкендерден 7 адам қатысты. Даяшылар алдымен өздерінің кәсіби машықтарын көрсетіп, қолына стакандар қойылған табақты ұстап, сигвеймен тапсырыстарды таратты. Екінші кезең күрделірек болды, стакандарға алманы дөп тигізгендер аз болды. Байқау соңында қазылар алқасы Аманжолов Қуатты бірауыздан жеңімпаз деп таныды.
Фестивальдің алғашқы күні қазақстандық эстрада жұлдыздары: әншілер, музыканттар мен би ұжымдары өнер көрсетті.