Бүгін Талдықорған қаласының кішкентай тұрғындары үшін қуанышты күн болды. Қалада 125 орынды заманауи балабақша ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Кәтия апа» балабақшасы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде барлық талаптарға сай салынды.
Жалпы, бүгінгі күні Талдықорған қаласында 50 балабақша, оның 16-сы — мемлекеттік, 25-і – жекеменшік, 1-еуі – шағын орталық және 8 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Жаңа балабақшалар салу мен ашу ісі жалғасуда.