Домой Жаңалықтар Қоғам ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтуде

ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтуде

ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтуде

ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтудеЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Елорданың туған күніне орай, бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Ұлы дала кілемдері» атты кілемдер жәрмеңкесі бастауын алды. Осынау шараның басты ұйымдастырушысы еліміздегі ірі кілем шығару фабрикасы «Бал Текстиль» кәсіпорны болып табылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шілде айының 9-на дейін, яғни 3 күн бойына жалғасатын жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.

Еске салайық, компания қазіргі заманғы бельгиялық жабдықта синтетикалық «БПК», «Жылу — Set», «Frize» полипропилен жіп брендтерінен жасалған кілемдер өндіреді. Компанияның өнімдері «Туран», «Хан-Тенгри», «Лидер», «Алатау», «Сарыарка», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» сауда белгілерімен шығады.

Кілем фабрикасының жалпы ауданы 6 гектарды құрайды. Ал өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы. Өндірісте 200-ден астам адам жұмыспен қамтылса, 500-ден астам адам дизайнерлік міндетін атқарады. Айта кету керек, «Бал текстиль» фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам дистрибьюторы бар.

Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етуде.

13575903_1007246469391692_2481427882635478518_o

13613300_1007246632725009_243868007427231506_o

13603476_1007246922724980_1225556364279004394_o

13613446_1007246062725066_1592719866672170190_o

13584944_1007246706058335_7539551710253974063_o

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here