Фастфуд тағамдарында ең көп қолданылатын 10 қоспа:
1) Тауық еті: Сиыр және күркетауық етінен де көп қолданылады.
2) Ксантанды шайыр (ксантан): Тұздық, сүт өнімдерінде, крем және сусындарда, балмұздақтарда стабилизатор, эмулгатор ретінде және қоюлығын арттыру мақсатында қолданылады.
3) Моно және диацилглицерин: Кондитерлік өнімдер, жержаңғақ майы, маргарин, пудинг және балмұздақ сияқты өнімдерде қолданылады.
4) Соя майы: Еріткіштермен араластырылады. Кондитерлік өнімдерде, маргарин, қамыр өнімдері мен сорпаларда негізгі қоспа саналады.
5) Ниацин (никотин қышқылы): Қажетті дәрумендер мен минералдарды фастфуд тағамдарынан ала алмайсыңдар. Бидай ұны, осы тағам түрлерінде қолданылатын кең тараған азық болып табылады.
6) Глутамат натрия: Көптеген fast food мейрамханалары тарапынан қолданылады. Бұл глутамат қышқылының тұзы.
7) Тұз: Ас тұзы әрқашан қосылады. Тәтті тағамдарға да тұз қосылады.
8) Карамель түсі: Түс беретін қоспалар, тамақтың түсін сақтап қалу үшін қолданылады.
9) Жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты: Консервіленген тамақтарда, кекс және сол сияқты өнімдерде, кетчуптерде (бір ас қасығы кетчуптың құрамында бір шай қасығындай бар) балмұздақтарда, тосаптарда және көптеген сусындарда табылады. Жеген, ішкен нәрселеріміздің барлығына осындай шекерді көп-көп қосады. Өйткені кәдімгі шекерге қарағанда өте арзан болады. Тағамдарда шамадан тыс қолданыла бастаған 1980 жылдан бері Америкада семіздік ауруы 4 есе артты. Ғалымдардың көбі семіздік ауруының көбейгенінің ең үлкен себебі ретінде осы затты көрсетуде.
10) Лимон қышқылы: Еттерді және балықтарды жүз жылдап сақтау үшін қолданылады. Шекер және дәрі жасауда да пайдаланады.