Азия балалары» ойындары аясында пневмо мылтықпен нысана көздеуде қазақстандық Елдар Иманқұлов жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі — 198,3 ұпай.
Екінші орында якут спортшысы Арсен Гурьев (191,5 ұпай), қола жүлдені Индонезия командасынан Ай-Кадек Рико Вержиан иемденді (169,7 ұпай).
Жарысқа Ресей, Қазақстан, Бангладеш, Индонезия, Катар, Сингапура мен Шри-Ланка командалары қатысты.
Қыздар арасынан ресейлік Яна Енина жеңімпаз атанды, «күмісті» қазақстандық Ирина Локионова иемденді, «қола» — тағы бір ресейлік якут қызы Нюргустаана Борохинаға бұйырды.