Естімеген елде көп. Күнделікті қалтамызда жүретін қағаз ақшаның пайдасымен бірге зияны да көп екен. Бірақ зиян екен деп ешқайсымыз ақшадан бас тартпасымыз анық. Дегенмен, сақтық үшін мұны да біле жүрген артық болмас.
Қағаз ақшаға жасалған қызықты зерттеуді бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізіп, онда қандай зиянды микробтар болатынын анықтаған. Мәселен, Европа елдерінің банкноттарында орта есеппен 26 мың бактерия өмір сүреді екен. Олардың ішінде «экологиялық таза» деп евро (11 000), норвегиялық крона (11 700) мен британдық фунт стерлинг (18 000) танылды. Бұл қағаз ақшаларда басқаларына қарағанда бактериялар аз. Себебі аталған банкноттарды шығарар кезде микробтарға қарсы арнайы затпен тазалайтын көрінеді. Ал АҚШ долларының 90 пайызында бұл бактериялармен қатар кокаин бөлшектері де болатыны анықталды.
Микробиологтардың айтуынша, қағаз ақшада ішек таяқшалары, сүзек, туберкулез бен тері ауруларын тудыратын бактериялар бар. Сондықтан ақша ұстаған қолыңызды міндетті түрде сабындап жуыңыз.