Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлы дала азаматтары» патриоттық акциясы басталып, ел ішіне автошеру шыққан болатын. Аталмыш делегация кеше Алматы облысына келді, деп хабарлайды Алматы облысы әкмідігінің ресми сайты.
Автошеру Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігін дәріптеуді, «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіруді мақсат етеді.
Алакөл, Сарқан аудандарында болған автошеру делегациясы кешкілік Талдықорғандағы «Мәңгілік алау» алдына тоқтап, гүл шоқтарын қойып, акцияның мақсат-міндеттері, қаһарман азаматтардың ерлік шежірелері жайлы айтып берді.