Домой Жаңалықтар Мәдениет «Астана Опера» театр маусымын аяқтайды

«Астана Опера» театр маусымын аяқтайды

«Астана Опера» театр маусымын аяқтайды

«Астана Опера» театр маусымын аяқтайды«Астана Опера» театрының үшінші маусымы екі бөлімнен тұратын гала-концертпен жабылады. 16 шілдеде Үлкен зал сахнасында Л. Минкус пен Э. Дельдевездің “Пахита” балетінен жарқыраған Гран-паның тұсауы кесіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Театр сүйер қауым “Трильби”, “Кандавл патша”, “Қанатты ат”, “Сильфида”, М. Фокиннің “Армида павильоны” сияқты ескі балеттерден тұратын ең тартымды вариациялар шеруін тамашалайды. Әрбір солистке көпшілік алдында өзінің барлық әртістік шеберлігін паш ететін мүмкіндік ұсынылады.

— Бүгінде «Астана Опера» балеттік труппасы белсенді дамып келеді, мен соған қуаныштымын. Театрдың үшінші маусымында біз үлкен жұмыс атқардық: Л. Минкустың орасан зор “Баядерка” классикалық спектаклінің тұсауы кесілді, мазмұнды Гала-балет бағдарламасы құрылды. Жақында ғана ХХ ғасыр хореографиясының үздік туындысы – Р. Петидің “Париж Құдай Анасының соборын” ұсындық. Техникалық жағынан күрделі бұл балет бірегей стильдік мәнерімен ерекшеленеді, мұнда кордебалетке баса назар аударылған. Біз мұнымен тоқтамаймыз және айтарлықтай нәтижеге қол жеткіземіз, – дейді «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Театрдың жетекші солисттері әлемдік классикалық опера жауһарларын орындайды. Сонымен қатар, тыңдарман сүйіп тыңдайтын отандық музыка туындылары шырқалады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here