Домой Жаңалықтар Қоғам Жастар үшін жұмыс істейтін орталық — Алматы облысы

Жастар үшін жұмыс істейтін орталық — Алматы облысы

Жастар үшін жұмыс істейтін орталық — Алматы облысы

Жастар үшін жұмыс істейтін орталық - Алматы облысыЖастар – ел ертеңі. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың өзі үлкен мән беріп, барынша қолдау көрсетуде. Сол игілікті іс Жетісу жерінде де жоғары деңгейде атқарылып келеді. Оған күні кеше ғана облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылу рәсі­мі болған Жастарға қызмет көрсету орталығы дәлел.

Бүгінгі таңда облыстағы халықтың үштен бір бөлігін құрайтын – жастар. Оның ішінде жоғары және арнаулы оқу орындарында өңір бас­шысының грантымен 358 сту­дент білім алып жатыр. Сон­дай-ақ, біздің ғана облыста оқушылар мен білімгерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Мұны да облыс бас­шысының қамқорлығы деп түсінгеніміз жөн. Ал біздің әңгіменің өзегі Жастарға қыз­мет көрсету орталығы. Олай болса, орталықтағы жастарға қызмет көрсететін бөлімдерге қысқаша тоқталайық. Аймақ­тармен және жастардың үкі­меттік емес ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі ақпа­ратты тиянақты жеткізу ұйым­­дастырушылық бөлі­мінде іске асады. Облыс бас­шылығымен бекітілген өңір­дегі барлық билбордты қада­ға­лау, оларды уақытылы ауыстыру, көрнекі-үгіт құрал­дарының мәтіндерін, эскиз­дерін әзірлеу, заман талабына сәйкестілігін қадағалау, зама­науи аула клубтарын ашу, жал­пы шаруашылықты жүр­гізу бөлімінде іске асады.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желі арқылы да біршама шар­уаның басын қайыруға бола­ды. Әрине, егер оны жақсы жағынан пайдаға асыра алса­ңыз. Міне, осы тапсырмалар ақ­параттық саясат және әлеу­меттік желілермен жұмыс іс­теу бөлімінде жан-жақты қа­ра­лып, іске асады. Негізгі жұмыс жастарға қызмет көр­сету бө­лімінде. Мұнда жас­тардың жұмысқа орналасу мен жұ­мыспен қамтылуы, жастар ара­сында кәсіпкерлік қызметті дамытуы қаралады. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы ая­сында толық ақпарат беру, жас отбасылар үшін қол­же­тім­ді тұрғын үй жүйесін да­мыту жұмыстары жүргізіледі. Облыстың қай өңірін алып қарасаңыз да жас­тар ре­сурс­тық орталығы жоға­ры дең­гейде жұмыс жүргізіп келеді. Облыс бойынша әр ауылдық округте жастар сая­саты бойынша 1 нұсқаушыдан 253 жас жұмыс істейді. Биыл осы орталықтың ашылуына бай­ланысты 19 жұмыс орны бө­лінді. Облыстық жастар сая­саты мәселелері басқар­ма­сының берген мәліметіне сүйен­сек, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрап отыр. Жұмыс­сыздарды азайту мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдар­ламасы аясында 195 маман сынақтан өтуде.

– Бұл орталық жастардың жаңа идеялары мен жобала­рына бағыт беріп, күш-жігерін бі­ріктіру мен түрлі мәселелер бойынша көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, олардың әрі демалатын, әрі білімін же­тіл­діретін, пікір алысатын жә­не жан-жақты қолдауға кеңі­нен мүмкіндік жасайтын ор­тақ шаңырақ боларына се­нім­діміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев: «Білімді, ең­бекқор, бастамашыл, бел­сенді болуға қазірден бастап дағ­ды­ла­ның­дар. Себебі, ерін­бей еңбек еткен, талмай ғы­лым іздеген, жалықпай тех­ни­ка меңгерген адам бәрінен оза­ды. Тұрмысы жақсы, абы­ройы асқақ бо­лады», – деп Қа­зақстанның гүлденуін жас ұр­пақпен тіке­лей байланыс­ты­рып отыр. Сондықтан тәу­ел­­сіздіктің туы өз қолымызда жел­біреген ши­рек ғасырда ұлы істі бастап берген ал­дың­ғы толқынның ізін әрмен қа­рай лайықты түрде жалғас­ты­ру – жас ұр­паққа артылған па­рыз. Құр­метті жастар, сіз­дерге есігін айқара ашқан қыз­мет көрсету орталығы әр­бір жалынды жас үшін құт­ты мекенге айналсын деп ті­лей­мін. Мем­ле­ке­ті­міз­дің даму жо­лындағы қосқан әр істе­рі­ңіз абыройлы, қа­дам­да­ры­ңыз нық болсын, – деген об­лыс әкі­мі Амандық Баталов ыс­тық ықыласын көпшілікке жеткізді.

Алаш арысы Мағжан ақын жастарға мол сенім ар­тып кеткені бәрімізге аян. Қан­ша уақыт өтсе де қасиетті де қас­терлі өлең сөз күні бү­гін­ге дейін жадымызда сақ­тау­­лы. Олай болса, жас­тар­дың мін­­де­­ті сол сенімге сызат тү­­сір­­меу.

zhetysu-gazeti.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here