Домой Жаңалықтар Спорт Студенттерге арналған спорт

Студенттерге арналған спорт

Студенттерге арналған спорт

news145Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталуына 204 күн қалды. Алатаудың етегін дүбірге бөлейтін додаға бүгінде қызу дайындық жүріп жатыр. Ұлы Даланың айбынын асыратын спорт жарысына арналған нысандар бірінен кейін бірі бой көтеріп, ару Алматының ажарына ажар қосып отыр. Бұл туралы 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекция директоры Наиль Нуров «Hard Rock Cafе Almaty» мейрамханасында өткен журналистермен кездесуде мәлім етті.

Қазіргі таңда Универсиада нысандарының құрылысы 80 пайызға аяқталып қойды. Оның ішінде 12 мың көрер­мен­ге арналған Мұз сарайы бар. Нысандар күзгесалым пай­да­лануға беріледі. «3 мың адам­дық және 12 мың орын­ды Мұз сарайының құрылысы уақы­ты­сында емес, одан ерте­рек аяқ­та­лады. Өз кезегінде өзге ны­сан­дар қазір жұмыс істеп тұр, тек қажетті толық­тырулар, тех­никалық жарық­тандыру жұ­мыс­тары қажет. Бұл жерде ай­тарлықтай мәсе­ле жоқ. Тек «Ала­тау» шаңғы-биатлон ке­ше­нінде лока­ция­лық жүйе­лер­ді орнатуда тех­никалық қиын­­дық бар. «Шым­бұлақ» пен «Сұңқар» трамплиндер ке­ше­нін­де де жаңарту жұ­мыс­та­ры жү­реді», – деді Наиль Ну­ров.

Қазақстан Универсиаданы жарқын қылып өткізуге даяр. Өйткені, Универсиаданың теле аудиториясы бір миллиард адам­ды құрайды.Атап кетейік, тілшілерге арналған асты ұйым­­­дастыруға «Hard Rock Cafe Almaty» ұжымы қолдау білдірді. «Hard Rock Cafe» – 1971 жылы құрылған халық­аралық франчайзинг мей­рам­ха­наларының америкалық желісі. Бүгінгі таңда әлемнің 64 елінде 200-ден астам бө­лімшесі бар. Қазақстан атал­ған мекеме ашыл­ған 59-шы мемлекет бо­лып тіркелді. «Hard Rock Cafe Almaty» Азия елдері бойынша Мәскеуден кейінгі 13 жылдан бері істеп келе жатқан танымал кафе болып табылады. Мәң­гілік Елдің мерейі Алатау мен Алматыны әлемге тағы да та­ны­та түсетін Универсиадамен үстем.

Толығырақ zhetysu-gazeti.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here