Домой Жаңалықтар Қоғам Алакөлге барып қайт

Алакөлге барып қайт

Алакөлге барып қайт

news138Жыл өткен сайын Алакөл аймағы­ның туристік әлеуеті артып, алыс-жақын шетелден қысқа, ұзақ мерзімге демалып қайтуға келетін қонақтардың қатары көбеюде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алакөлде 150 мыңға жуық адам демалыпты. Биыл бұл сан өсіп, 160 мыңнан артық адам демалуға келеді деп күтілуде. Бұған көл бойындағы туристік қызмет көрсететін нысандардың мүмкіндігі кемел жетеді.

Аудандық кәсіпкерлік басұармасынан алынған ақпаратқа сүйен­сек, бүгінде Алакөл ауданы ау­ма­ғында 112 демалыс үйі, демалыс аймағы, пансионат, қонақүй және туристік кешен орналасқан. Атап айтқанда,  500 орынды СДО «Пе­ли­кан», 350 орынды  «Ала теңіз», «Аласу» және 200 орынды «Қара Тас», 150 орынды «Көктұма» пан­сио­наты,  тағы да басқа же­ке­мен­шік үйлердің жа­нынан ашылған қонақүйлері бір уақытта 4500 адам­ға қызмет көрсете алады. Бұлардың барлығы Алакөл көлінің жағасында орналасқан. Осы демалыс орын­дарының мүмкіндігін жақсарту үшін облыстық туризм басқармасы ҚР туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырым­дама­ла­рын бекіту туралы №508 қаулы­сы­на сәйкес,  көл жа­ғалауының инф­рақұрылымын да­мы­туға бағыт­тал­ған 17 іс-шара  қарас­тырыпты. Осы­ған орай 2015 – 2017 жылдар  ара­лығында  Ақши ауы­лының көл жа­ғалауында 3 ірі инвес­тициялық жо­баны іске асыру жос­парланып, «Falkon Petrolium» ЖШС-нің және «Ак­­вамарин  ре­сорт»  пен  жеке кәсіпкер Д. Каримовтың көп­са­лалы демалыс орындары бой кө­теруде. Алдағы уа­қыт­та «Аква­марин  ре­сорт»  де­ма­лыс аймағының ашылу салтанаты бол­мақ.

Халықтың әл-ауқатының артуы­на байланысты Алакөлге күре жол, те­міржол, әуежолымен де келе­тін­дер көбейе түсуде. Сондықтан Ала­көл ау­даны әкімдігінің 2015 жылғы 12 ма­мырдағы № 183 Қаулы­сы­мен «Авиа­ком­пания «Жетісу» АҚ-на Үшарал қа­ласының әуежайы құры­лысын жүр­гізу және қызмет көрсету үшін 49 жылға уақытша пайдалану құ­қы­ғы­мен 3 гектар жер телімі бө­лінді. Қазір облыстық жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары бас­­қар­ма­сы арқылы сағатына 50 адамға қыз­мет көрсететін әуежай бе­кетін салуға ЖСҚ даярлауға бө­лін­ген 21,0 млн. теңге қаражатқа «Каз­аэро­проект» АҚ-мен жоба дай­ын­далуда.

Көптен бері көл жағалауындағы заманауи байланыс жүйесін жетіл­діру жайының айтылып келе жат­қа­ны анық. Жұрт тілегін ескерген ала­көлдіктер туристерді сапалы ин­тер­нет жүйесімен қамтамасыз ету үшін Достық ауылынан 1 база­лық ин­тер­нет стансысын орнатып, желіде бай­ланысуды жеңілдете түскен. Ал­дағы уақытта Үшарал қа­ласы, Ақши және Көктұма ауы­лы­на базалық ин­тер­нет стансысын ор­нату жоспары қа­рас­ты­рылуда.

Қысқасы, Алакөлдің туристік әлеуеті артып келеді. Мұнда дема­лу­шыларға барлық жағдай жасал­ған. Көлдің шипалы суымен емде­ліп, жүйкеңізді тынықтырғыңыз кел­се, еш ойланбай Алакөлге тар­тып кеті­ңіз.

zhetysu-gazeti.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here