Алматы облысында Әлия Назарбаеваның «Бала дауысы» І Ұлттық балалар ән байқауының аймақтық кастингі өткізілді. Сегізінші аймақтық іріктеу Талдықорған қаласында өтті. Тіркеуден кейін «Бала дауысының» күнделіктерін жүргізетін Аида мен Бауыржан қатысушыларды таң сәріден қарсы алып, оларды ойындарға, флэшмобтар мен телетүсірілімдерге тартумен болды. Өз вокалдық қабілеттерін сынап, Гранд-финалда өз өңірін таныту құқығына күресу үшін бүкіл Алматы облысынан 105 бала Жетісудің кіндігінде жиналды.
Байқаудың 10 жасар қатысушысы Темірлан Кабул кастингке Жамбыл ауданындағы Қарасай ауылынан келді. Темірлан вокалмен кәсіби түрде 4 жасынан бастап шұғылданып келеді. Оның ата-анасы Ерлан мен Зәуре Ибрагимовтар ұлдарының музыкалық біліміне басты назар аударады. «Біз бекерге келген жоқпыз деп есептейміз! Біздің балаларымыз нағыз жұлдыздарды өз көздерімен көріп, балалардың өздерінен де нағыз жұлдыздар сынды сұхбат алынып жатты — бұл балаларға да, бізге де арналған мереке! Барлық аналар мен әкелерге айтарым: ең бастысы — баланың талантын дер кезінде тани білу. Өйткені әрбір адам дүниеге келген кезде оған өзіне тән белгілі бір қасиет беріледі. Ал ата-ананың басты міндеті- сол қабілетті аша білу. Ал бұл байқау-табысқа жетелейтін тағы да бір қадам»,- деді Темірланның әкесі. 8 жасар Алуа Әбдікәріммен бірге байқауға бүкіл отбасы келді деуге болады: бауыры, сіңілісі мен екі апайы. Солардың бірі Әлия Қасымбекованың айтуынша, «біз өз сіңілімізге қолдау көрсетуге келдік, барлығымыз қобалжып тұрмыз, ол, әрине, бізден қаттырақ толғанып тұр. Сіңілімізге және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!». Бекарыс Қадырбаев Талдықорғандағы кастингке Іле ауылынан өз педагогы Раушан Шыныбаевамен бірге келді. Бекарыс 11 жаста, ол классикалық музыканы, поп-музыка мен хип-хопты тыңдайды. «Маған әртүрлі музыка ұнайды. Қазақтық халық әндерін жақсы көремін, көрермендердің алдында өнер көрсеткенді жаным сүйеді. Мен нағыз атақты әртіс боламын!» — деп бала өз сенімділігін білдірді.
«Алау» тобының солисті мен Алматы облысының «Бала дауысының» тәлімгері Әсет Арыстанбекке таңдау жасау оңай болған жоқ. Айым Елтайқызы, Әмір Қайсар мен Нұржан Әбілқасымовтан тұратын үштіктің құрамынан Әсет те, музыкалық продюсерлер де бір жеңімпазды бөліп жара алмады. Өйткені үшеуінің де музыкалық және әртістік қабілеттері мінсіз, сонымен қатар таланттары да әрқырлы. Сондықтан қазылар алқасы үштік құру туралы шешім қабылдады. Бұл үштіктің Астанада өтетін «Бала дауысының» Гранд-финалын көркейте түсері сөзсіз.
Әмір Қайсар 5 жасынан бастап ән шырқайды, қазір ол «Би-би» студиосында өз өнерін шыңдауда. Баланың әнге деген әуестігі оның әжесі мен атасынан дарыған. Әмірдің репертуары негізінен классикалық әндерден тұрады, бұл әндер оның тамылжыған даусын аша түседі. Кез келген ұл бала сияқты Әмір футбол ойнағанды ұнатады. Нұржан Әбілқасымов 9 шет тілінде ән айтуға деген дайындығымен қазылар алқасын таңғалдырды. Нұржан академиялық вокалға және фортепианодағы ойынға музыкалық мектепте үйреніп жүр, ал бос уақытында волейбол командасында ойнайды. Бұған қосымша бала «Мен жұлдызбын» балалар студиосына барады, бұл студиоға үшінші жартылай финалға қатысушы — Айым Елтайқызы да барады екен. Айым екі музыкалық аспапты меңгерген: домбыра мен фортепиано. Нұржан мен Айым осы жеңіске жетулері музыкалық педагогтары Серікжамал Асыбекованың арқасында деп есептейді.
Жартылай финалға қатысушылардың триосын Алматыдағы Музыка мектебінде ауқымды финалға дайықтық жұмысы күтіп тұр. Байқаудың шешуші күні балалар көрермендер алдында арнайы финалға жазылған 16 әннің бірін орындап шығады. Ал әзірге «Бала дауысы» әрі қарай жол тартады: 9 шілдеде ән байқауы Қазақстанның бас қаласы -Астанаға ат басын тірейді.