Қытайлық қандасымыз Ізгілік Бақытбекұлы қайыс тілетін аспап ойлап тапты. Он жеті жасар жас өнертапқыш Қытай Халық Республикасы, Іле Қазақ автономиялы облысында тұрады. Ол өзінің аспабын Елорда күніне орай өтіп жатқан «Мыңжылдықтар тоғысқандағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестиваліне алып келген.
Енді қамшы, жүген, құйысқан, айыл-тұрман жасайтын шеберлердің жұмысы жеңілдейтін болады. «Әкем өрімшілікпен айналысады. Қайыспаларды пышақпен тіледі де, уақыты көп кетеді әрі көркемдігіне әсер етеді. Уақытты ысырап етпейтін осындай аспап жасау ойыма келді» — дейді ол.
Автор: Шырақ Байкенова