Домой Жаңалықтар Қоғам ОҚО-ның Түлкібас ауданы табиғи газбен толық қамтылды

ОҚО-ның Түлкібас ауданы табиғи газбен толық қамтылды

ОҚО-ның Түлкібас ауданы табиғи газбен толық қамтылды

20160705105744Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 6 шілде — Астана күніне орай, бүгін Түлкібас ауданындағы үш елді мекенге көгілдір отын берілді. Осылайша, Түлкібас облыс бойынша 100 пайыз табиғи отынмен қамтамасыз етілген бірден-бір ауданға айналды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданның таулы аймағында орналасқан Келтемашат ауылдық округінің Дәубаба-1, Дәубаба-2 және Төрткүл ауылдарына жеткен табиғи газды беру салтанатына қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов жергілікті халықтың қуанышымен бөлісті. Облыс әкімі ондағы 94 жастағы жергілікті ақсақал Сұлтан Кенжебековпен бірге көгілдір отын алауын жағып, қарияның шаңырағында болып, дастарханынан дәм татты.

Айта кеткен жөн, бүгінгі көгілдір отын жеткен үш елді мекенде 1,5 мыңға жуық халық тұрады.

Жалпы ұзындығы 34,27 шақырым болатын газ құбырының құрылыс жұмыстарын «Энергоресурс» ЖШС мекемесі жүргізген. Мердігердің айтуынша, газ өткізу жұмыстары 2015 жылы басталып, осы жылдың маусым айында аяқталыпты. Жалпы ауданда соңғы 5 жылда 37 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here