Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын Мәжіліс депутаты М. Бопазов аралады

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын Мәжіліс депутаты М. Бопазов аралады

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын Мәжіліс депутаты М. Бопазов аралады

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын Мәжіліс депутаты М.Бопазов араладыАлматы облысындағы Ұйғыр ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев іссапармен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Нұров, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Бекмұханбетов  бастап, жиынның мақсатымен таныстырып өтсе, аудандық Мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Н.Есжан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Бопазов пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаевтың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырды.

Келесі сөз кезегін М.Бопазов алып, тұрғындарға іссапармен ауданымызға келуінің мақсатын түсіндірсе, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарына Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы туралы да кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамды алаңдатып отырған террорлық әрекеттерге тоқталып, әрбір отбасы бала тәрбиесіне, баланың діни көзқарастарына ерекше көңіл бөлуі керек екенін ескертті.

Шара барысында аудан тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтсақ, Е. Нұрсейітов Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуден өткізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе екен деген ұсыныс айтса, аудандық мәслихат депутаты К. Юлдашев аудан көлеміндегі ормандарды санитарлық тазартудан өткізу туралы пікірін білдіре келе, орман ішіне жолдар салуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген тілегін білдірді.

Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаты Ы. Бектұрсынов сөз сөйлеп, М. Бопазов пен Ғ. Сарыбаевқа ауданымызға келгендеріне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Ұйғыр аудандық филиалы ғимаратына ат басын бұрып, филиалдың тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлерге жұмыстарына табыс тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here